«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИДАЙ ҚЫМБАТТАДЫ

Елімізде биылғы бидайды сатып алу бағасы жарияланды. Астықтың тоннасы өткен жығылмен салыстырғанда шамамен 15 мың теңгеге дейін қымбаттады. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” Ұлттық компаниясы» АҚ-ы 3-сыныпты бидайдың бір тоннасын қазір 70 мың теңгеден қабылдап жатыр.

“Азық-түлік келісім шарт корпорациясының” сатып алатын астыққа қатысты бірқатар талаптары бар. Мәселен, 3-сыныпты бидайдың ылғалдылығы – 14, ал құрамындағы кілегей мөлшері – 23 пайыздан кем болмауы тиіс. Ал 4-сыныпты бидайдың кілегейлігі 20 және ылғалдылығы 14 пайыздан аспаған жағдайда тоннасы 65 мың теңгеден қабылданады. Қазірдің өзінде компания 2 мың тоннадан астам бидай сатып алды. Жалпы биыл мемлекеттік қорға 1 млн. тоннаға дейін астық қабылдау жоспарланған. Осы мақсатта облыстың 12 элеваторымен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде корпорацияға астығын сатқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз бидайын мұнда еш кедергісіз, кезексіз өткізе алады. Ал келесі жылы ұлттық компания диқандардан өнімді форвардтық келісім бойынша алмақ. Яғни, шаруаларға тұқым, жағармай алуға болашақ астық есебінен кепілсіз несие беріледі.


http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp