«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЫЛ 80 АДАМ СПИД-ке ШАЛДЫҚҚАН

Жыл басынан бері жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын (СПИД) 80-нен астам солтүстікқазақстандық шалдыққан. Олардың арасында балалар да бар. Бұл туралы облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықта өткен брифингте белгілі болды.

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Любовь Бунинаның айтуынша, аталмышсиндромды емдеу жолдары әлі күнге дейін беймәлім. Сондықтан да бұл ауру ғаламдық проблемаға айналып отыр. Мамандар вирус жұқтырған адамды ажалдан алып қалу мүмкін еместігін айтады. Олардың өмірін тек ұзартуға ғана болады.  «Облысымызда  1400-ден астам адаміндетті жұқтырған. Солардың ішінде 14-і – кәмелет жасқа толмағандар.  Дертке шалдыққан ұл-қыздардың басым бөлігі өңірімізге өзге облыстардан көшіп келгендер.

Ақ халатты жандардың сөзінше,  көп жағдайда вирусты нашақорлар  таратады. Оған қоса жыныстық қатынас арқылы да ауру жұқтыру фактілері басым. Өкініштісі, арамызда  ЖИТС ауруына шалдыққан жүкті әйелдер де бар. Олар дер кезінде емделмесе, синдром іштегі балаға да жұғуы мүмкін. «2006 жылы вирус  жұқтырған бала дүние келді. Қазір оның жағдайы жақсы, дәрігерлердің жіті бақылауында. Бала ата-анасымен тұрады, әрі мектепке  барады», – дейді Любовь Бунина.

Біздің облыс елімізде СПИД-пен ауыратындардың саны бойынша 5 орында тұр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp