
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс полицейлері самбодан сынға түсті. Екі күнге созылған жарысқа жергілікті күш құрылымдарының 150-ден астам қызметкері қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан Әскери институтының құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орын облыстық ішкі істер департаменті аппаратының құрамасына бұйырса, ал қалалық ішкі істер басқармасы үшінші болды.
Бұдан бөлек, жекелей есепте Әскери институттың өрендері сегіз салмақ дәрежесінің алтауында жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, 74 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен ішкі істер департаментінің өкілі Самат Жантасов үздік болса, 100 килограмнан жоғары салмақта боз кілемге шыққан қалалық ішкі істер басқармасының аға сержанты Рустам Жұмаевқа тең келер ешкім болмады.
Барлық жеңімпаздар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары облыстық құрама қатарына алынып, Атырау қаласында өтетін Ішкі істер министрлігінің біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.