«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕР науқастарға көмек көрсетпек

Петропавл медициналық колледжінде білім алатын 18-24 жас аралығындағы 20 студент арнайы бағдарлама шеңберінде сырқаттарға алғашқы жәрдем беру амалдарын үйреніп, білімдерін толықтыруда. Олар оқу аяқталған соң облыс орталығындағы ауруханаларда ем қабылдап жатқан науқастарға көмекке келіп, тәжірибелі дәрігерлермен қатар жұмыс істейтін болады.

Аталмыш оқу орнында білім алып жатқан 3-курс студенті Ка­рина Мұқатаева еріктілер қата­рына қабылдау шарасы жүр­гізіліп жатқанын оқытушысынан естіген. Бірден курсқа жазылып, бүгінде тәжірибелі медицина қыз­меткерлерінің дәрістерін тың­дап, шеберлігін шыңдауда. “Біз оқу орнында білім алумен қатар науқастарға ем-дом жүргізіп, аурухананың жұмысына арала­самыз. Бұл дегеніңіз, біз үшін үл­кен мүмкіндік қой”, – деген ерікті өзі сияқты болашақ мамандар­мен бірге медициналық көмек көрсетудің қарапайым түрлерін үйренуде.
Қазір жастар облыстық жедел медициналық көмек орталығы­ның дәрігері Владимир ­Жу­ков­тың дәрістерін тыңдап, сұрақ-жа­­уап түріндегі сабақтарға қа­тысуда. “Еріктілердің қазіргі пан­демия жағдайында шақыр­ту­ларға шығуы қауіпті. Сондықтан олар ауруханалар қабырғасын­да науқастарға қарапайым ме­дициналық қызметтерді ұсынып, инъекциялар жасап, жүрек-бұлшық етке жаттығу амалдарын жүргізетін болады. Біз сабақ ба­рысында манекенді пайда­лану арқылы осы және өзге де іс-қимылдарды үйретудеміз”, – дейді Владимир Жуков.
Оқу курсы аяқталған соң бо­лашақ медицина қызметкерлері емдеу мекемелеріне жөнелті­леді. Олардың арасында 1 курста оқитын жастар да бар.


Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp