«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА АНАР ГҮЛДЕДІ

Петропавл ботаникалық бағында он жылдан кейін анар ағашы гүлдеді.

«Анар субтропикалық жеміс болғандықтан, негізінен Орта Азияда өседі. Біз теріскейде жерсіндіруге тәуекел етіп, алты түбін Германиядан алдырғанбыз. Жақсы күтімнің арқасында көшеттің 2-уі өсіп, өніп, биыл бірінші рет бүршік жарды. Оларды бақ қызметкерлері жасанды жолмен тозаңдандырды. Нәтижесі біз күткеннен де асып түсті», – дейді ботаникалық бақтың бас агрономы Равиль Рязапов.

Биыл аналық гүлдердің бірнешеуі сәтті тозаңданып, түйнектей жеміс сала бастапты.

Бақта кубалық лимон да өседі. Отанында оны «пандероза» дейді. Былтыр түсім жаман болмапты. Биыл да жемісті мол салатын түрі бар. Ал кубаның пандерозасына қарағанда пәкістандық жемістің бұл түрі көлемі жағынан кішілеу, бірақ өсімтал.

Қоңыр күзге таман экологиялық орталықта мандарин мен банандар да піседі. Қазір жап-жасыл інжір жемісі екі айдың ішінде уылжып шыға келеді.

(Сурет yandex.kz сайтынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp