«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бурабай мен Зеренді демалушылар үшін 24 шілдеден бастап жабылады

Ақмола облысының туристік бизнес өкілдеріне өңірдің туристік аймақтары 24 шілде күні сағат 00:00-ден 3 тамыз күні сағат 00:00-ге дейін жабылуы туралы ескерту жасалды.

“Коронавирус індетінің белең алуына және демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмендігіне байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары 24 шілде күні сағат 00:00-ден 3 тамыз күні сағат 00:00-ге дейін жабылады”, делінген Ақмола облысының туризм басқармасының Instagram-дағы хабарламасында.

Туристік аймақтардың периметрі бойынша кіру кезінде блокбекет орнатылады және автокөлік қозғалысы шектеледі. Бұрын келген туристер қонақ үйлер мен санаторийлық-курорттық нысандарда қалады. Демалыс аймағында жүрген адамдар бетперде тағып жүруді және әлеуметтік қашықтық ережесін сақтауы қажет. Енді қонақ үйлерді брондауға, өтінімдерді қабылдауға тыйым салынады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаторийлық-курорттық объектілер күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режімді сақтай отырып, жұмысын жалғастырады.

Жалға алынған жағажайлар, сауналар, қонақ үйлер жанындағы бассейндер қызметіне тыйым салынады. Сондай-ақ, су айдындарының маңында орналасқан ойын-сауық және сауда нүктелерінің, қайық стансаларының жұмысы тоқтатылды.

“Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін облыс және аймақ тұрғындары жағдайға түсіністікпен қарап, демалыс және көпшілік жиналатын орындарға барудан бас тарту керек”, делінген хабарламада.


https://egemen.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp