«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білім министрлігі 2021 жылы қашықтан оқу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Білім және ғылым министрлігі 2021 жылы оқушылар қашықтан оқиды деген қауесетті жоққа шығарды.

Желіде Қазақстанда қашықтан оқыту форматы 2021-2022 оқу жылына ұзартылады деген қауесет тарады. Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствода атап өткендей, бірінші тоқсан 5 қарашада аяқталады. Карантин жағдайында санитарлық  талаптар бойынша оқушылар қашықтықтан оқиды. Ата-аналардың тілектерін ескере отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта оқитын оқушы саны 15-тен аспауы тиіс.
“Екінші тоқсанға қатысты біз Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтеміз. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінен ақпарат алған соң, барлық ата – аналар мен оқушыларды дереу хабардар етеміз”, деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp