«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ ШЫРАҒЫН ЖАҚҚАНДАР

Адам тәр­бие­леу ұлы міндет десек, оны атқару ұстаздарға жүктелген. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында осы мәртебелі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді. Рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетіп жүрген ұстаздарды облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. “Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында білім беру стандартын жаңғыртуға, қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударды. Осы бағытта облыста айтарлықтай жұмыс атқарылуда. Жыл сайын білім беру саласының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялар енгізілуде. “Бүгінгі күні білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан еліміздің келешегі – сіздердің қолдарыңызда”, – деді өңір басшысы.

Ұстаз еңбегінің негізгі нәтижесі – білімді және тәрбиелі шәкірт. Облысымызда өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне сарқа жұмсап, қоғамды өрге бастыруға зор үлестерін қосып жүрген ұстаздар көптеп саналады. Өздерінің жауапкершіліктерімен, шығармашылықтарымен және шәкірт алдына мақсат қойып, талап ете білетін кәсіби шеберліктерімен дараланған ұстаздардың еңбектері өлшеусіз. Соған орай Ерік Сұлтанов өңіріміздің білім саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, оның дамуына сүбелі үлес қосқан 13 педагогті – облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 7 ұстазды Алғыс хатпен марапаттады. 15 ұстаз санаторий-курорттық емдеу сертификатына ие болды.  

Өмірдегі үлкен байлығы – шәкірттері деп білетін ұстаздарға, педагогикалық еңбек ардагерлеріне мереке күні зор қошемет көрсетіліп, әннен шашу шашылды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp