Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті.
Ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі болып табылады. Қазақстанда адамзат тарихында тұңғыш рет барлық қоғамдық ұйымдар мен дін өкілдері 1992 жылы бас қосып, 18 қазан Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. Атаулы күнге орай кітапханада өткен шарада дінтанушы, теолог Мұрат Әміржанов қатысушыларға әлемдік деңгейде конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау мен өзін-өзі тәрбиелеуде дінді оқып үйренудің маңызы туралы айтты. Петропавл және Булаев епархиясы кафедралды шіркеуінің діни қызметкері Антоний Чуриков соңғы жылдары дін өкілдерінің жастармен жүргізіп жатқан жұмысына тоқталды. Шарада өзге дін өкілдері сөз алып, әз ойларын ортаға салды.
Отырыс соңында қатысушылардың назарына тақырыптық фильм мен “Келісім мен төзімділік – мызғымас құндылық” атты кітап көрмесі ұсынылды.