«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ЖЫЛДА ЕКІ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жерлесіміз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Гавай аралдарының Кайлуа-Кона қаласында супертриатлоннан жалауы желбіреген “Ironman 140.6″ әлем біріншілігінде өз жас дәрежесінде жеңімпаз атанды.“Astana Pro Team” кәсіби велокомандасының бас менеджері 45-49 жас аралығындағы топта сынға түсті. Жарыс бағдарламасына сәйкес, триатлоншы 3,8 шақырымға жүзу, 180 шақырымдық веложарыс және 21,1 шақырымға жүгірді. Александр бірінші кезеңді 1:09:06 уақытта еңсерді. Веложарыс жолын 4:21:06 уақытта бағындырған жерлесіміз өз жас тобында көш бастады. Үшінші кезеңде де көшбасшылықты сақтап, мәреге бірінші болып жетті.

Сөйтіп, жарыс жолын 8:48:24 уақытта жүріп өткен Александр әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Бұған дейін жерлесіміз елордада триатлоннан өткен “BI Group Ironman 70.3 Astanа” турнирінде және Францияның Ницца қаласында өткен “Ironman 70.3″ әлем біріншілігінде және топ жарған болатын. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp