«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«БІР КҮНДІК ӘСКЕР»

«Бір күндік әскер». Осындай атаумен Ұлттық Ұлан әскери институтында әскери-патриоттық клубтардың облыстық слеті ұйымдастырылды. Аталмыш шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 10 команда қатысуға ниет білдіріп, өзара күш сынасты.
 Әскери-патриоттық клубтардың облыстық слеті жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Жарысқа қатысушылар қару-жарақты бұзып, қайта жинау, турникке тартылудан ептеліктерін көрсетті. Шараға 50-ден астам жас қатысты.
 «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ төрайымы Лидия Грабарьдің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, оларды әскери қызметке тарту. “Слетке қатысушылардың саны жыл санап көбейіп келе жатқаны қуантады”, – деді ол.
 Балалар ең алдымен турникке тартылудан өзара күш сынасты. Әрбір қатысушы 60 секундтың ішінде 25 мәрте тартылып үлгеруі қажет. 
 Әрбір әскери қызметші қысқа уақыттың ішінде қару-жарақты бұзып, қайта жинай білуі керек. Бұл – доданың екінші тапсырмасы. Петропавл медицицналық колледжінің студенті Данияр Дүйсенов бұл жарысқа былтыр да қатысып, өкінішке қарай, жүлдегерлер қатарынан көріне алмапты. Әскери дәрігер болуды армандап жүрген намысшыл жігіт биыл биіктен көрінуді межелеп, автоматты 15 секундтың ішінде жинап үлгерді. Мұндай машықты үйреткен алғашқы әскери дайындық сабағының оқытушысы Александр Николаевичке оның алғысы зор. 
Әскери сайыстың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орыннан көрінгендерге бағалы сыйлықтар
табысталады. 

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp