«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Өңірімізде тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Петропавл қаласында тұратын 1976 жылы туған ер адам Ресейдің Сургут қаласынан келген. 7 мамырда жасалған зертханалық зерттеулер оң нәтиже көрсетті. Науқас бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылып, ем қабылдауда. Онымен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталуда. Іс-қимыл алгоритміне сәйкес Петропавл қаласындағы Хименко көшесінің бойындағы 6-шы үй карантинге жабылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Бұған дейін жұқпалы ауру Ресейдің Омбы қаласынан Қостанайға бара жатқан жүргізушіден анықталған болатын. Ол жолай Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Червонное ауылында тұратын ата-анасының үйіне тоқтап, оларға да ауру жұтырған. Зертханалық зерттеулер үшеуінің де коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. Отбасы қазір Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жұқпалы аурулар стационарында ем қабылдауда.
Облыс Аумағында 34 COVID-19 жағдайы тіркелген.
Бүгін бір науқас емделіп шықты.  

 

Сурет: http://vg-gazeta.by/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp