«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір ұйымға бірікті

Бұған дейін қазақ күресі үш ұйымнан тұратын. Олар – әлемдік, республикалық және халықаралық федерациялар. Бұл төл өнер бойынша өткізілетін біріншілікті тиімді басқару мен дамыту процесін едәуір қиындатты. Енді олар “Qazaq kuresi” қауымдастығына біріктірілді.

Атақты балуан, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде шашыраңқы қазақ күресі федерацияларын бірігуге шақырған болатын. Марқұмның тілегі енді орындалып отыр. Бұл ұлттық спорттың Қазақстанда және халықаралық аренада одан әрі дамуына қуатты серпін беруі тиіс. Қайта құру ұйым қызметін орталықтандыруға, аппаратты ұстау шығындарын оңтайландыруға, қарама-қайшылықтар себебін және іс-әрекеттің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге халықаралық аренада және Қазақстанда ауқымды міндеттерді бір ұйым шеңберінде жүзеге асыруға жағдай жасайды.

“Qazaq kuresi” ассоциациясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Бүгінде ол бірыңғай орталықтандырылған ұйымға айналды. Онда қазақ күресін дамыту және насихаттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Ғылыми-тәжірибелік базаны нығайту, білім беру бағдарламаларын іске асыру, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында “Жекпе-жек” сарайы базасында “Qazaq kuresi” академиясы құрылды. Түпкі мақсат – қазақ күресі ұлттық брендін қалыптас­тыру.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp