Қалалар мен ауылдарда жылда осы күні қаралы митингтер ұйымдастырылады. Өйткені елімізде саяси қуғын-сүргіннен және аштықтан зардап шекпеген отбасылар кем де кем.
Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мамырдың 31-і елімізде өткен ғасырдың 30-40 жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шеккен мыңдаған адамдарды еске алу күні деп жарияланған болатын. Тарихшылардың есептеулері бойынша , Қазақстанда 100 мыңнан астам азамат «халық жауы» деген айыппен қамауға алынып, төрттен бір бөлігі атылған, тірі қалғандары түрмеде, айдауда азап шеккен. Сонымен қатар бұл күні халқымыз 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын да еске алады. Түрлі деректер бойынша елімізде ашаршылық жылдары халықтың жартысына жуығы қырылған.