“Казгидромед” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының хабарлауынша, 29 қараша күні облыс аумағында тәулік бойы бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, 23-25 метрге, кей жерлерде 30 метрге жетеді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігін ескертеді. Қызметтеріңіздің ғимараттың ішінде ұйымдастырылуын, балалардың бақылауға алынуын қадағалаңыздар, елді мекеннен алыс жолға шықпауға тырысыңыздар. Осы ақпаратты көршілеріңізге таратып, ауырып жатқандар мен егде адамдарға көмектесіңіздер.