Облыс әкімі Ғәуез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы Тепличное, Прибрежное, Бескөл ауылдарында салынып жатқан қорғаныс бөгеттерінің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта Прибрежное ауылында ұзындығы 5, Бескөл ауылында ұзындығы 5,9 шақырым болатын қорғаныс бөгеттерінің құрылысы жүргізілуде. Бөгеттердің құрылысына бетон плиталары мен су жібермейтін полипропилен материал қолданылуда.
Құрылыс компанияларының өкілдері өңір басшысына қорғаныс бөгеттерінің белгіленген мерзімде аяқталатынын жеткізді. Бұл нысандардың ауылдарды су тасқынынан қорғауда маңызы зор.
Перизат ӘМІР,
«Soltüstık Qazaqstan».