Петропавлдағы «SAVANSER» хореография мектебінің тәрбиеленушілері Австрияда өткен халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.
Кирилл Новиков пен Ярослава Кузнецова Вена вальсінен ашық чемпионатта өнер көрсетіп, әлемнің 50 елінен келген 118 жұп бишілердің арасынан 3-ші орынның жүлдесін еншіледі. Олардың бірге билеп жүргендеріне 1,5 жылдай ғана болса да, бұған дейін Ресейде өткен бірнеше байқауда да көзге түсіп, жүлдегер атанып үлгерген.