Волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары аясында өскемендік «Алтай» командасы алматылық “Алматы” командасымен кездесуде.
Облыс орталығындағы Спорт сарайында өтіп жатқан бәсекенің бірінші кезеңі алматылыктардың жеңісімен аяқталды. Есеп 26:27. Тартысты өткен кезең барысында төрт ойыншы ауысып, екі техникалық үзіліс тіркелді.
Ал екінші кезең алтайлыктардың басымдығымен өтті. Ойын тізгінін қолдарына алған алтайлық ұжым 24:14 есебімен жеңіске жетті.