Ғасырға жуық тарихы бар облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газеті – өңіріміздің тыныстіршілігінен мағлұмат беріп, тұрғындардың мұң-мұқтажын, толғандырған мәселелерін дер кезінде көтеріп, оң шешім табуына ықпал етіп отырған беткеұстар басылымның бірі.
Оқыту жүйесіндегі жаңашылдықтар, тың әдістәсілдер, ұстаздардың ғылыми-әдістемелік еңбек-тері, абырой биігінен көрініп жүрген ұлағатты жандар жайлы жазылған мақалалар біздің ісімізге серпін беріп, алға қарай жетелей түседі. Басылымның тұрақты оқырманы әрі жанашыры ретінде оның таралымының көбеюіне ерекше қамқорлықпен қараймын. Шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұлтымыздың басты құндылықтарын бағдар еткен барша әріптестерімді осы науқанға бір адамдай қатысып, облыстық газетке жазылуға шақырамын.
Биыл өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс педагогтерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын, бюджеттік сала қызметкерлерін газет-журналдарға күштеп жаздыруға болмайтынын айтты. Облыс әкімінің бұл пікірі өте орынды. Өзім басқарып отыр-ған әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымы облыстық “Soltústіk Qa-zaqstan” газетіне мәжбүрлі түрде емес, өз еріктерімен жазылатынын айтқым келеді. Небір сайыпқырандардың, сөз зергерлерінің қолтаңбасы қалған газетке жанашырлық таныту ана тілімізді қорғау, руханияттың өрістеуіне қолдау көрсету екенін есімізден шығармағанымыз абзал.
Күлімкөз СМАЙЫЛОВА, әл-Фараби мектеп-лицейінің директоры.