«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Газет таралымына тамшыдай үлес

Бала күнімізде ата-анамыз газет-журнал, кітап оқып өскен баланың түбінде жаман болмайтынын айтып отыратын. Сол кісілердің тәрбиесі шығар, бүгінге дейін мерзімді басылымдардан қол үзіп көрген кезім жоқ. Өңір тұрғындары үшін облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетінің орны бөлек.

Қазір, қандай басылым болмасын, таралымы күрт төмендеп кетті емес пе? Көпшілік оның себебін жаһандық пандемиямен байланыстыруда. Әрине, оның кез келген салаға теріс ықпал тигізгенін жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, газет-журналдарға деген оқырман қызығушылығының бәсеңдеуіне бір карантин шаралары ғана емес, қазіргі қоғамда оқу деген ұлы құндылықтың маңызының жойылып бара жатқандығы әсер етті деп айтар едім. Жыл сайын осы жағдай қайталана берсе, болашақтың қандай болатынын елестетудің өзі қорқынышты.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін газет ұжымының арнайы челленджді қолға алғаны – құптарлық іс. Оны руханият жанашырлары іліп әкетуде. Бұл шараны маған “Виктория” сақтандыру компаниясы Петропавл филиалының директоры Бақытжан Сәмиева жолдаған екен. Ол кісінің өтінішін қуана қабыл алып, мен де өз тарапымнан он бір адамды газетке жаздыртуды жөн көрдім. Бұл санның газет межелеп отырған көрсеткішпен салыстырғанда, тіпті, сөз қылып айтуға да келмейтінін білемін. Алайда, “Теңіз тамшыдан құралатыны” сияқты газет ұжымының бұл қолдауымды зор ықыласпен қабылдайтынына сеніп отырмын. Осы челленджді облыс орталығындағы қазақ мектеп-гимназиясының директоры Бұлбұл Ахмадиқызына жолдаймын.
Елена СЕМИДОЦКИХ,
“Весна” флористика студиясының директоры.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp