Солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер Қызылжар ауданында орын алған дала өртін сөндірді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 13.15 кезінде департаменттің «101» пультіне Қызылжар ауданындағы Белое ауылының жанында құрғақ шөптің отқа оранғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына Петропавл қаласының №2 және Бескөл ауылының №13 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары жетті. Көтерілген қатты жел тілсіз жауды аз уақыттың ішінде ауыздықтауға мүмкіндік берген жоқ. Дегенмен, 5 гектар аумаққа жайылған өрт жеке құрамның 15 маманы және 2 техниканың көмегімен бір сағаттың ішінде сөндірілді. Оның жақын маңдағы орманға жетуіне жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Сурет: https://www.7152.kz/