«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАҢҒАЙЫР ДИҚАН

Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға зор үлес қосып отырған “Зенченко және К” командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко 60 жасқа толды. Мерейтой иесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  құттықтады. Президенттің Алғыс хатын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов  арнайы барып табыстады.

Әке жолын қуған Геннадий Зен­ченко – табысты кәсіпкер ға­на емес, сонымен қатар ауыл­дың дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған меценат. Оның ең­бегі мен өз ісіне адалдығы­ның арқасында Қы­зылжар ау­данындағы Ново­николь­ское елді мекені рес­пуб­ликадағы ауыл шаруашы­лы­ғы өндірісі өркендеген, әлеу­меттік саласы дамыған үлгілі ауылға айналды.

“Сіздің қажырлы еңбегіңіз, адалдығыңыз, озық техноло­гия­ларды пайдалануыңыз “Зен­чен­ко және К” компаниясының за­ма­науи ауыл шаруашылығы клас­тері және танымал қазақ­стан­дық бренд ретінде дамуы­на ықпал ет­ті. Сіздің белсенді аза­маттық ұс­танымыңыз, ай­мақ­тың қоғам­дық өміріне қаты­суыңыз және ма­ңыз­ды қайы­рым­дылық жобалар­ды жүзеге асыруыңыз үл­кен құр­мет­ке лайық. Айтулы бе­лес – 60 жас­қа толуыңызбен құттықтай­мын! Зор денсаулық, амандық, бар­лық істеріңіз мен бас­тамалары­ңыз­ға сәттілік тілей­мін”, – делін­ген Пре­зиденттің құттықта­уында. 

Өз кезегінде Геннадий Ген­надьевич Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне ұдайы көрсе­тілетін қолдаулар үшін алғысын білдірді.

“Президентімізге, жергілікті билік өкілдеріне зор алғыс біл­діргім келеді. Біз әрқашан көш­басшылардың қатарында бол­дық. Осы межеден төмендемеу – басты міндетіміз. Мен әрда­йым ұжымға бірінші болу оңай екенін, бірақ қандай жағдай бол­масын көш басынан түспеу ке­ректігін айтып отырамын. Еліміз нық қадаммен алға басып ке­леді. Отанымыздың гүлденуі үшін еңбек ете береміз”, – деді Геннадий Зенченко.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp