«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дені сау ұрпақ қажет

Әскер қатарына шақырылған бозбалалар салмақ жетіспеушілі­гінен, денсаулық дімкәстігінен Отан алдындағы азаматтық бо­ры­шын өтеуге жарамсыз болып жататынын естіп жүрміз. Ме­нің­ше, оның түп негізі жастайы­нан еңбекпен, спортпен ширығып өспегенінде жатыр.

Өскелең ұрпақтың елге, жерге деген азаматтық көзқарасын ор­нықтыруда, қоғамдық жауапкер­ші­лігін қалыптастыруда әскери-патриоттық тәрбиенің, спорттық, мәдени іс-шаралар мен үйірме­лер­дің орны бөлек екенін тәжіри­беден жақсы білемін. Аудан ор­та­лығындағы Новоишим қазақ мек­тебінің басшылығы осы са­ла­ға қат­ты мән береді. Мен өзім са­бақ­тан тыс уақыттарда шәкірт­те­рім­ді бойына күш-қуат еселей­тін, ойы­на ізгілік нұрын себелей­тін өне­ге­лі тағылымдарға бау­лу­дан қол үз­ген емеспін. Облыстық дең­гейде ұйымдастырылып жүр­ген “Ба­тыр” әскер-патриоттық көп­сайы­сында он бір жыл қата­рынан же­ңімпаз атануымыздың ешқан­дай құпия сыры жоқ. Ең бас­тысы, оқу­шы­ларға ата-бабаларымыз­дың ерлік тағылымда­рын үлгі ете оты­рып, Қазақстан ат­ты кең-бай­тақ елдің болашақ иесі екенін зер­де­леріне то­қи білумен қатар алға қой­ған мақ­сатқа деген сенім-қы­зы­ғу­шылығын да тудыра білу керек.

Жуырда онлайн-режімде өт­кен тағы бір бәсі жоғары до­дада топ жарып, бірінші дәрежелі дип­ломмен марапатталдық. 15-16 жас­­­тағы оқушылар арасында ұйымдастырылған республика­лық “Жас ұлан” әскери-пат­риот­тық ойынында 17 команда өнер көрсетті. Облыс намысын қорға­ған “Ел тірегі” командасы ау­дан­ның 7 ұл, 2 қызынан жасақталды. Олардың қатарында Нәзира Али­нова, Ангелина Полякова, Ан­дрей Голубев, Дмитрий Милю­ков, Олжас Саржомартов, Дмит­рий Береснев, Лев Корнейчук, Алек­сандр Подольский және Алек­­сандр Сытый болды. Ко­ман­да мү­ше­лері барлық кезең­нен сү­рінбей өтіп, “Арқамен жа­тып, де­нені жер­ден көтеріп-тү­сіру”, “Жа­уынгерлік парақ”, “Турникке тар­ты­лу” ата­лымдары бойынша жа­рыс­тың ең биік тұғырына көтерілді.

Өз Отанын ыстық жүрекпен сүйіп, қадір-қасиетіне қылаудай кіршік түсірмейтін ұрпақ өсіргіміз келсе, патриоттық істермен кө­бірек жаттығуларына, техника­ны, ақпараттық технологияны мең­герулеріне белсене атса­лыс­қанымыз жөн.

Тілектес ЖАБАҒИН,

алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp