«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Деректер мен дәйектер

Облыстағы еңбекке жарамды жастан асқан азаматтардың халықтың жалпы санындағы үлесі 15,8%-ды құрайды.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайына Солтүстік Қазақстан облысында еңбекке жарамды жастан асқан 90,7 мың адам тұрады. Одан 24,3 мың адам – ерлер, 66,4 мың адам – әйелдер. Гендерлік көріністе егде адамдардың көбін әйелдер құрайды. Еңбекке жарамды жастан асқан әйелдер саны ерлер санынан 2,7 есе жоғары. Бұл әйелдер мен ерлердің өмір ұзақтығындағы айырмашылыққа байланысты.  

Бүгінгі күнге облыстағы аға буын азаматтарының халықтың жалпы санындағы үлесі 15,8%-ды құрайды. Зейнеткерлік жастағы тұлғалардың ең жоғары үлес салмағы Шал ақын ауданында – 17,3% және облыстық орталықта – 17%. Егде адамдардың ең төмен үлес салмағы Уәлиханов ауданында – 9,9%.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp