«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Діни ағым ұстанушы жауапқа тартылды

   

Экстремистік материалдарды сақтағаны және таратқаны үшін деструктивті діни ағымның ұстанушысына шара қолданылды.

Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «В контакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында діни мазмұндағы аудиофайлдар мен фотоматериалдарды тарату фактілерін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жазбалардың авторы Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Деструктивті діни ағымдардың бірін ұстанған әйел жеке парақшасында аудио мен фото орналастырған. Аталған факт бойынша 1Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы1 кодекстің 453-бабы 2-тармағына сәйкес «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату» бойынша материал жинастырылды. Тіркелген контент Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетіне дінтану сараптамасына жіберілді. Сарапшылар материалдар экстремистік болып табылады деген қорытындыға келді және оларды ел аумағында тарату мен сақтауға тыйым салынды.
Мамандандырылған әкімшілік соты жат ағымның жетегінде кеткен күдіктіні жауапқа тартып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері дін заңнамасы саласында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты шаралар атқарып келеді. Тұрғындардың деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар қатарына қосылып кетуін болдырмау үшін алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта жат ағымға бойұсынушыларды өз қатарына тарту негізінен мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Ағымға тартушы адам сақтықпен әрекет ететіндіктен, олардың іс-әрекеттерін әшкерелеу оңай емес. Дей тұрғанмен, жыл басынан бері 13 құқық бұзушылық анықталды. 8 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандарына дінтану сараптамалары тағайындалды», дейді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp