«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Діни материалдар таратушы жауапкершілікке тартылды

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни материалдарды заңсыз тарату фактісін анықтады.

30 жастағы петропавлдық «WhatsApp «мессенджеріндегі статусына діни сипаттағы фотосуреттерді жиі қойып отырған. Оған қарсы полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 490-бабы – “Қазақстан Республикасының діни қызметі және діни бірлестіктері туралы заңнамасын бұзу” бойынша іс қозғады. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.
“Діни сенім еркіндігі заңға қайшы келмеуі тиіс. Діни материалдарды шіркеулерде, мешіттерде және діни бағыттағы білім беру ұйымдарында не жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаты бар кітап дүкендерінде ғана таратуға болады. Облыста мұндай дүкендердің саны 15, оның 14-і Петропавлда, біреуі Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында орналасқан. Діни кітаптарды жеке кітапханадан не басқа жолдармен таратуға тыйым салынған”, дейді облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp