«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәмхана иелері жазаланды

Өңір полицейлері Петропавл қаласындағы кейбір жазғы дәм­ха­наларда карантин талаптары сақ­тал­майтынын анықтады. Парк кө­шесіндегі дәмханалардың бі­рін­де тексеріс кезінде 30-дан көп адам бол­ған. Әлеуметтік арақа­шықтық сақталмаған. Ал басқа дәмхана­ның иелері үстелдерді қауіпсіз қа­шықтықта орналас­тыр­мағаны жә­не қызметкер­ле­рінің дене қызуын өлшемегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Демалыс күндері облыс орта­лы­ғындағы дүкен, дәмхана, ба­зар сияқты 32 нысан тексеріліп, нәти­жесінде жаза қолдану жө­ніндегі 5 материал шешім қабыл­дау үшін өкілетті органдарға жіберілді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp