«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жастар үшін маңызды. Осыған байланысты мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының бір бағыты “Жастардың патриоттық бағдарларын қалыптастыру” болып отыр. Еліміздің болашағының дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапкершілігі мол, белсенді өмірлік көзқарасы бар жастарды тәрбиелейтін жүйе енгізілуде.

Жастардың патриоттық сезімін дамыту – облыстық жастар бастамалары орталығының басты мақсаттарының бірі. Бұл бағыт бойынша кешенді шаралар іске асырылып келеді. Мереке күні қарсаңында облысымызда мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын көлемді 13 іс-шара ұйымдастырылады. Облыс орталығында “Менің Елім” жастар акциясы мен флешмоб өтеді. Бұл іс-шаралардың ұйымдастырушылары – облыстық және аудандық жастар бастамалары орталықтары мен жастар ұйымдарының өкілдері. Бұл шаралар жастарды бірлікке ғана баулып қоймай, рәміздерді қастерлеуге, қадір тұтуға үйретеді.

Еліміздің мемлекеттік рәміздері – біздің тарихымыз. Онда ата-бабаларымыздың сан ғасырлық асқақ арманы, мұңы мен қайғы-қасіреті, тәуелсіздікке ұмтылып, “елім” деп еңіреген талай боздақтардың төгілген қаны жатыр.

Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің, елдігіміздің белгісі. Сондықтан Қазақстанның барлық азаматтары мемлекеттік рәміздерімізді қастерлей білуі тиіс. Оны кейінгі ұрпақ мәңгілік мақтаныш тұтатын символ екенін ұғындырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз.

 Данияр ӘБУТӘЛІП, облыстық “Жастар бастамалары орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp