«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екпе алған оқушылар

Қызылжар ауданында оқушыларға вакцина егу жұмысы белсенді жүріп жатыр. Жақында Новокаменка орта мектебінің бір топ оқушысы аудандық ауруханаға келіп “Комирнати” вакцинасын алды.

Соңғы уақытта аудандағы білім ор­даларында оқушылардың ауырып са­баққа келе алмау фактісі жиі тір­келу­де. Олардың көбінде қарапайым же­дел респираторлық вирустық ин­фек­ция болғанымен, арасында корона­ви­рус­қа шалдыққан оқушылар да бар.

“Ауданымызда “омикрон” штамы өте жылдам тарап жатыр. Бұл дертті бір науқас 80 адамға жұқтыра алады. Бүгінде елімізде 12 мен 18 жас ара­лығындағы оқушыларға америкалық “Pfizer” компаниясының “Комирнати” деп аталатын вакцинасы егіліп жа­тыр. Әрине, екпе жасөспірімдердің ата-аналарының рұқсатымен және қа­тысуымен ғана салынады”, – деді Қы­зылжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Александр Құдайбер­генов.

Оқушылар екпені аудандық аруха­нада ала алады. Не болмаса қажетті оқу­шылар контингенті жиналғанда ар­найы дәрігерлер бригадасы мектепке барып қояды.

Екпе алуға келгендердің қата­рында 10-сынып оқушысы Тоқжан Қалбай да бар.

“Мен екпе алудан қорықпаймын. Се­бебі ауру күшейіп бара жатыр. Сондықтан барынша сақтану керек. Біз өзіміздің ғана емес, жақында­ры­мыздың да денсаулығына бейжай қа­рамауымыз қажет. Екпенің бұл түрін жақын арада қатарластарым­ның бар­лығы алады деген үміттемін. Бола­шақта барлығы жақсы бола­ты­ны­на сенемін”, – деді ол.

Александр Құдайбергеновтың ай­туынша, аудан бойынша үш жүзден астам оқушы вакцина алған. Олар­дың ешқайсысында екпенің кері әсе­рі байқалмапты.

Фархат ТАСТАМБЕК.

Қызылжар ауданы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp