«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКПЕ ЖАСАЛМАҒАН БАЛАЛАР БАЛАБАҚШАЛАРҒА КІРГІЗІЛМЕЙДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин екпе жасалмаған балалар балабақшаларға кіргізілмейтінін мәлім етті. 

«Шынында да, мектепке дейінгі ұйымдарға біздің күнтізбелік жоспарға сәйкес, вакцинациядан өтпеген балалар кіргізілмейді. Бұл шектеудің екпеге медициналық тұрғыда қайшылығы бар балаларға қатысы жоқ. Не үшін олай еттік? Себебі, екпе медициналық тұрғыда ағзасына кері әсер ететін балалар да бар. Яғни, оларға екпе жүргізілмейді», – деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуына қарағанда, балабақшаға бармас бұрын ата-ана учаскелік педиатрға барып, денсаулық паспортын алады. Ол құжатта баланың дені сау, вакцинацияланғаны туралы мәлімет болуы керек. «Егер ондай қорытынды денсаулық паспортында болмаса, мектепке дейінгі ұйым басшысының оны кіргізуге құқығы жоқ. Егер басшы бұл талапты бұзатын болса, онымен және баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер ол ары қарай да бұл шектеуді қабылдамаса, онда басшыға тиісті ұйғарым беріледі. Ұйғарым орындалмаса, іс сотта шешіледі», – деді Жандарбек Бекшин.

www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp