«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

Петропавлда жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. “Субару” автокөлігін тізгіндеген ер адам Қазақстан Конституциясы мен Парк көшелері қиылысында бағдаршамның қызыл жарығына қарамай, жоғары жылдамдықпен келе жатып, жиектен басты жолға шыққан “Опель” автокөлігін соққан.

Апат орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған куәгерлердің айтуынша, “Субару” көлігінде тағы екі адам болған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты бейнебақылау камерасындағы жазбалар тексеріліп, Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp