«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА

Үстіміздегі жылғы 20-21 қазан күндері Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге теріскейден 115 кәсіпорын қатысып, бас шаһардың тұрғындары мен қала қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің 100-ден астам түрін ұсынды.

Азық-түлік тауарларын орналастыруға арнайы 60 сауда шатыры құрылды. 35,1 тонна cиыр еті, 18,5 тонна жылқы еті, 7,3 тонна қой еті, 14 тонна құс еті, 3 тонна шошқа еті, 4 тонна шұжық, 3 тонна сиыр етінен жасалған құтыдағы өнімдер сатылды. Бұдан бөлек, 1 тонна кондитерлік, 5 тонна макарон өнімдері, 13 тонна бал, 1 мың литр қымыз, 14 мың литр сүт өнімдері, 1,3 тонна сары май, 72 мың дана жұмыртқа, 28 тонна ұн саудаға шығарылды. Сондай-ақ, автокөліктерден 559 тонна картоп және көкөніс көтерме бағамен сатылды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Алтынбек Абдуллаевтың айтуынша, Қызылжар өнімі ерекше сұранысқа ие болған.

– Астана қаласының 20 жылдығына арналған екі күнге созылған жәрмеңкеде 250 млн. теңгенің 725 тонна өнімі саудаланды. Елорда тұрғындары тарапынан құс өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Бұдан бөлек сүт өнімдері де жақсы өтті. Базар бағасынан әлдеқайда арзанға саудаланған азық-түлік өнімдері тез сатылып кетті, – деді Алтынбек Тағайбекұлы.

Екі күнге созылған жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары ән мен жырдан шашу шашып, Астана тұрғындарының назарына қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың көрмесі ұсынылды.

Әсем АЙТУЛОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp