«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елімізде жұмыссыздар саны артты

2020 жылдың екінші тоқсанында елімізде 454 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға көп. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады, ал бір жыл бұрын 4,8% болған.

Жұмыссыз қалған ер адамдар саны 216,3 мыңды, әйелдер саны 237,7 мыңды құрады. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%, әйелдер арасында 5,4%.
Қалаға қарағанда жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерде төмен. Осылайша, ауылдардағы жұмыссыздар саны 174,7 мың адамды, қалаларда 279,2 мың адамды құрап отыр.
Жұмыссыздардың дені оңтүстік аймақтарда тұрады: Алматы қаласы, Алматы облысы және Түркістан облысында. 


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp