«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елімізде коронавирус жұқтырған 95 адамның жағдайы нашар

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

“Қазір коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр”, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 79 адамнан коронавирус анықталды, 104 адам індеттен айықты. Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp