Бүгінгі таңда Кавасаки синдромы бойынша жағдай тұрақты екенін “Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы” АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаева айтып берді.
“Бүгінде 39 балада осы синдром анықталды, оның ішінде балалардың 60 пайызы сауығып, аман-есен ауруханадан шықты. Ал 40 пайызы әлі ем-дом қабылдап жатыр. Синдромның клиникалық белгілері – дене қызуының 38 градустан жоғары болуы. Ол бір тәулікке немесе одан да көп уақытқа созылады, сондай-ақ дененің бөртуі, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек ауруы, конъюнктивит және аяқтың ісінуі секілді белгілері пайда болады”, дейді дәрігер.
Риза Боранбаева үйде емделудің тиімсіз екенін атап өтті. Себебі, синдром ауыр өтетінін, кейде қарқынды реанимациялық көмекті қажет ететіндігін ескертті.
Аталған белгілер байқалса, дереу учаскелік дәрігерді шақыру керектігін де еске салды.
https://egemen.kz