«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Елім” деп соғады жүрегім

Петропавлдағы Достық үйінде өңіріміздің музыка саласында ойып алар орны бар дарынды өнер қайраткері Ғалия Мұхамеджанованың дирижерлік етуімен облыстық филармонияның камералық хорының өнерпаздары “Елім” деп соғады жүрегім атты мерекелік кеш өткізді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кеш “Тойбастармен” басталып, “Аққу жеткен” туындысының қазақ, орыс тілдеріндегі нұсқаларымен, “Дудараймен” жалғасын тапты. Камералық хордың орындауындағы “Япыр-ай”, “Қараторғай”, “Жайдарман” секілді халық әндерінің қай-қайсысы болсын, жиналғандардың жүрегіне жетіп, рухани ләззатқа бөлеп, классикалық туындыларға құштарлықтарын одан әрі арттыра түскендей болды.

– Кештің бағдарламасын құрастырғанда тәуелсіз еліміз бен жанға сая панамыз – жеріміздің сұлулығына, әсемдігіне ерекше көңіл бөлдік. Отанымыздың көркемдігін жырға қосып, әсем әнмен жеткізе білген ақындардың, композиторлар мен музыканттардың қайталанбас туындыларын көрсетуді мақсат еттік, – деді Ғалия Мұхамеджанова.

Әсем музыка мен хордың көп дауыспен салған әдемі де жанды баурар әуендеріне көрермендер риза болып тарқасты.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp