Әлем елдерін тығырыққа тіреген коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазіргі уақытта емханаға тіркелу аса маңызды болып тұр.
Азаматтар үйден шықпай-ақ онлайн режімде “Электронды үкімет” порталы арқылы тіркеле алатынын еске саламыз. Ол үшін порталда “Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу” қызметін таңдау керек. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, сұранымның жауабын күтесіз. Сіз таңдаған емхана тұрғылықты мекенжайыңыздан алыста болмауы тиіс. Бұл қажет болған жағдайда медициналық қызметкерлерге үйге келіп, жедел көмек беруі, сондай-ақ, барлық отбасы мүшелеріне бір дәрігердің қызмет көрсетуі үшін қажет. “Telegram” мессенджерінде “@Kenes141414bot”-қа жазылу арқылы да медициналық ұйымға тіркелуге болады.
Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
облыстық филиалының бас сарапшысы.
Сурет: https://abai.kz/