«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІККЕ БАУЛИТЫН МАМАНДЫҚ

“СҚО ТЖ департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімов Петропавл қаласының №10 орта мектебі және қазақ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен кездесті. Бұл жастар арасында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болатын.

 

Біржан Телманұлы жастарға азаматтық қорғаныс офицерлеріне мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен құрмет, түлектерге қойылатын талаптар мен шарттар, мамандықтың қажеттілігі мен ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Оқушыларға жоғары білім беру орнының жетістіктері мен табыстары туралы фильм көрсетілді. Ресей Федерациясының ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының 4-ші курс курсанты Мұса Жақсыбаев өзінің қалай білім алып жатқанын баяндады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқушылар қойған барлық сұрақтарға жауап берді. Қызығушылық танытқан жасөспірімдерге буклеттер мен байланыс телефон нөмірлері таратылды.

Данияр ӘЛІМКИН,

“СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ” ММ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp