«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІКТЕРІ ЖАДЫМЫЗДА

Есіл аудандық Мәдениет үйі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай балалар мен жасөспірім-дер арасында “Вечные памяти страницы” тақырыбында оқырмандардың онлайн конкурсын ұйымдастырды. Байқауға 40-қа жуық үміткер қатысты.

Бір ай бойы 3-17 жас аралығындағы балалар әлеуметтік желілер арқылы соғысқа қатысқан аталарының жауынгерлік жолы жайында әңгімеледі. Майдангерлердің ерліктеріне тағзым етіп, шайқаста қаза болған және соғыстан кейін өмірден озған жауынгерлерге зор алғыстарын арнады. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар соғыс туралы естеліктердің сақталуына қандай үлес қосып жатқандығын баяндап, Жеңіс тақырыбында түрлі өлеңдер оқып, ән шырқады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Покровка ауылының 4 жасар тұрғыны Карина Аушахманова жеңіп алды. Бүлдіршін “Ерлік ұмытылмайды” тақырыбындағы өлеңін оқып, байқау қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болды. Екінші және үшінші орындар Вероника Макарова мен Аружан Сәрсембаеваға бұйырды. Олар аталарының ерлігіне бас иіп, замандастарын өткенге құрметпен қарауға шақырды.


Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: бас жүлде иегері К.Аушахманова.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp