Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан дәстүрді жоғалта алмайды. Қай халықтың болса да, соның ішінде біздің ұлтымыздың сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық ғұрыптары бар. Соның бірі – отбасын құру. Бұл туралы хадистерде былай дейді.
Үйлену, отау құру – қуанышты, үміттілекті келешекпен жалғастыратын мәнді нәрсе. Сонымен қатар отбасын құрып, үй болу – ауыртпалығы үлкен маңызды іс. Отбасының бақытты өмір сүруі – күйеу мен әйелдің өз қолдарында.
* * *
Ислам үй болуды табиғи қажеттілік деп түсіндіріп, үй ішінде береке орнап, босағасы мықты болудың талап-қағидаларын айқын белгілеген. Соның ең алғашқысы – күйеу мен әйел өз махаббаттарына адал бола отырып, қиянатқа бармай, өмірдегі кездескен қиыншылықтарды ақыл-парасатпен, шыдамдылық және төзімділікпен жеңе біліп, барлық мәселеде әділ болып, міндеттерін адалдықпен атқаруы керек.