«Air Astana» компаниясы ертеңнен бастап Түркия, БАӘ, Украинаға ұшатын әуе рейстерін қысқартады.
“2020 жылдың 21 қазанынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Air Astana» Түркия, БАӘ, Украина және Германияға халықаралық рейстер санын азайтады. Осылайша, Ыстамбұлға ұшудың апталық жиілігі 16-дан 12-ге, Дубайға – 12-ден 8-ге, Киевке – 3-тен 1-ге, Франкфуртқа – 6-дан 4 рейске дейін төмендейді. Әуе компаниясы Шарм-Эль-Шейх пен Мальдив аралдарына чартерлік рейстер жасамақ. Ішкі рейстер кестесі өзгеріссіз қалады”, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
https://egemen.kz