Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күні құтты болсын!
Бұл күн, шынында да, ержүректіктің, батылдық пен отаншылдықтың бейнесі болып табылады. Бүгін біз мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты қамтамасыз ете отырып, өз өмірлерін оңайға соқпайтын әскери қызметке арнаған адамдарға құрмет көрсетеміз.
Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Қарулы Күштері бүгінгі таңда жауынгерлік әзірліктің, жарақтану мен ұтқырлықтың жоғары деңгейіне қол жеткізіп отыр.
Қазақстан халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеудің және өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың белсенді бастамашысы ретінде танылып, әлемдегі ядролық соғысқа қарсы қозғалысты басқара отырып, жаһандық қарусыздану жолында алдыңғы қатарда келеді.
Бүгінгі таңда Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті парызына, аға ұрпақтың қаһармандық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген ерліктің қуатты адамгершілік мектебіне айналды. Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын бір мыңнан астам өрен мерзімді әскери қызмет атқаруға шақырылады.
Бұл күні біз шынайы отаншылдықтың, адалдықтың және Отанға қалтқысыз қызмет етудің өнегесі болып табылатын Ұлы Отан соғысының және жергілікті ұрыс қимылдарының ардагерлеріне алғыс пен ілтипатқа толы, ең жылы лебіздерімізді білдіреміз. Бүгінгі таңда өткен соғыс қаһармандарының немерелері мен шөберелері еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, өз отандастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қоса отырып, олардың істерін лайықты түрде жалғастыруда.
Отан қорғаушылардың баршасына мықты денсаулық, амандық-саулық және табыс тілеймін! Ержүрек те батыл адамдардың бұл мерекесі әрқашан бейбіт әрі қуанышты бола берсін!
Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.