«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІЛЕР ЖӘРДЕМІ

Петропавлдық жас во­лон­терлер коронавирус ін­де­ті­нің алдын алу үшін көмек қо­лын созуда. Осыдан бір апта бұрын басталған акция ба­ры­сында жастар шаһар кө­ше­лерін аралап, тұрғындар­ға маска, қолғап және қауіп­сіздік ережесі жазылған жа­ды­намалар таратуда.

“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемле­кеттік мекемесінің жастар баста­ма­лары бөлімінің мәліметінше, во­­лонтерлер жасағының құра­мы­­на енгендердің басым бөлігі – уни­верситет пен колледж сту­дент­те­рі. Санитарлық-эпидемиоло­гия­лық талаптардың сақ­талуын қа­дағалау мақсатында ұйымдасты­рылған акцияның ал­ғашқы күні қыз-жігіттер қалалық­тар көп шо­ғыр­ланатын жерлер­де болып, 400 маска, 100 қолғап және 150 ақ­параттық жадынама үлестірді. Ап­таның соңына дейін жалғасатын шара кезінде 2 мың­нан астам же­ке қорғау заттары мен жадынама тарату жоспар­лан­ған. “Волонтер­лер жұмыс­тарын адал атқаруда. Кез келген сәтте қол ұшын беруге әзір”, – дейді “Қоғамдық даму жә­не ақпарат орталығы” коммунал­дық мемлекеттік мекемесінің бө­лім басшысы Анастасия Вол­кова.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp