«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Кеше Петропавлда Қайсар Таштитовке ескерткіш тақта орнатылды.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстандағы жастар қозғалысының жалынды жетекшілерінің бірі болған Қайсар Таштитов   Қызылжар өңірінің тумасы. Петропавлда жастар арасында жұмыс жүргізген, Қазақстан коммунистік жастар одағы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған. Алайда сол кездегі көптеген зиялы қауым өкілдері сияқты ол да саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 33 жасында жазықсыз атылған. Ескерткіш тақта Орталық әмбебап дүкен ғимаратының қабырғасына орнатылды. Мұнда өткен ғасырдың басында комсомолдардың губерниялық комитеті орналасқан болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp