«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН ӨКІНЕР

Үстіміздегі жылы өңірде 547 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау 43 солтүстікқазақстан­дық­тың өмірін жалмады. Бұл өт­кен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға ар­тық. Бұл туралы орталық ком­муникациялар қызметінің өңір­лік филиалында өткен баспа­сөз мәслихатында айтылды.

Облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, қы­зыл жалынның көбеюіне негізі­нен тұр­ғындардың жеке бас қа­уіпсіз­­ді­гі­не немқұрайды қарауы себеп болу­да.
Қайғылы оқи­ғалардың басым бөлігі жылыту пеш­терін пайдалану кезінде өрт қа­уіпсіздігі ережелері­нің сақталма­­уы­нан орын алуда. Осыған орай, департамент маман­дары же­ке тұрғын үй секторында тұрып жатқан тұрғындарды бақы­лауға алды. Жалпы 4557 үйге жүр­гі­зіл­ген тексеріс барысында электр жаб­дықтары мен жылыту жүйеле­рін пайдалану кезінде өрт қауіпсіз­дігі ережелерін бұзудың 5816 фак­тісі анықталды. Бүгінгі күні 618 үй­де бұ­зушылықтар жойылса, 2338 үйде тіркелген 4964 кемшілік әлі күнге дейін түзелмеген.
Департаменттің ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жа­зира Қожахметованың келтірген де­регіне сүйенсек, жылыту маусы­мы басталғалы жеке тұрғын үй­лер­де оттың шығуы мен газдан ула­ну фактілері жиілей түскен. Мә­селен, соңғы оқиға бірер күн бұрын Петропавл қаласындағы Ойқала шағын ауданында орын алды. Құт­қарушылар қызыл жалын шарпы­ған баспана ішінен 1973 жылы ту­ған үй иесінің мәйітін тапқан. Ма­мандардың айтуынша, сөндіріл­ме­ген темекі тұқылынан от тұтан­ған. Сондай-ақ, тағы бір қайғылы оқиға қазанның 27-сі күні Айыртау ауданында тіркелді. Белгілі бол­ғандай, Айыртау ауылының ма­ңын­дағы карьерде тұрған жыл­жы­малы вагонда өрт шықты. Оқиға орнынан 60 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp