«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ

Облыс полицейлері ұйымдастырған есірткімен күрес айлығының аясындағы суреттер байқауы “Есірткіге жол бермейміз!” ұранымен өтті.

Халықаралық есірткімен күрес күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері есірткіге қарсы бағытталған кешенді алдын алу шараларын жүргізуде. Олар облыс орталығының білім және спорттық мекемелерінде әңгімелер мен байқаулар ұйымдастыруда.

Сондай алғашқы шара гуманитарлық-техникалық колледждің студенттерімен өткен кездесу болды, – дейді қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімінің жедел өкілі полиция капитаны Диана Смағұлова. Онда полицейлер студенттерге есірткінің кесірінен өмірлерін қор етіп, бастарындағы бағынан айырылған танымал адамдардың қиын тағдырлары туралы айтып берді.

Балалар мен жасөспірімдердің “Достық” клубында өткен спартакиада да осы іске арналды. Қаладағы бірнеше мектептің 8-16 жас аралығындағы оқушылары үш командаға бөлініп, өзара күш сынасты. Жарыс қорытындысында “Көкөністер” командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ, “Спортшы адамдар” және “Ракета” командаларының мүшелері де спорттағы саламатты өмір салтының мәнін ұғынды. Онымен бір мезгілде клубтың спорт залында “Есірткіге жол бермейміз!” тақырыбындағы суреттер байқауы өтті. Кездесудің қорытындысында полиция қызметкерлері жас спортшыларға және сурет байқауының қатысушыларына естелік сыйлықтар таратып, оқушыларды есірткіден аулақ болуға шақырды.

Айлық аясындағы шаралы істер балалардың жазғы демалыс лагерьлерінде, тәрбиесі қиын жеткіншектердің арасында және қаланың спорт мектептерінде жалғасын табатын болады. 26 маусымда – Халықаралық есірткімен күрес күні полиция қызметкерлері кең ауқымды есірткіге қарсы акция жүргізеді.

Ольга ШИЯН,

облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp