«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР

Халықаралық есірткімен күрес күніне орай қала орталығындағы алаңда көпшілік шара өтіп, оның арты концертке ұласты. Аудандардан келген өнерпаздар сахнада ән салып, би биледі. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы есірткінің зиянын түсіндіріп, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыруды көздеген.

– Бір ай ішінде облыста түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Жүгіру акциясын, семинар, кинокөр­сетілімдер мен дәрістер өткіздік. Бүгінгі шара арқылы көпшілікке есірткісіз өмірдің мағыналы бола­тынын көрсеткіміз келді, – дейді «Болашақ» қорының басшысы Жанат Кәкімов.

Жиналғандар концертпен қа­тар отты шоу және қызметтік ит­тердің көрсетілімін тамашалады. Бүгінде өңірдегі тәртіп сақшыла­рының қолында 54 ит бар. Шарада көпшілік қызметтік иттердің жа­сырылған есірткіні тауып, иесін ұстау жаттығуын тамашалады.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp