Петропавлдық тәртіп сақшылары қолға түсірген 29 жасар тұрғын синтетикалық есірткі таратушы болып шықты.
Оның киімі мен сөмкесінен есірткі салынған 38 орама табылған. Ол «орамада не барын білген жоқпын» деп жалтарғанымен, тапсырманы ғаламтор арқылы алғанын, есірткіні жасыратын орындарды айтып берген. Ал 22 жасар қыз ғаламтор арқылы берілген тапсырма бойынша қала ғимараттарының қабырғаларына есірткі сататын сайттардың мекен-жайларын жазумен айналысқан. Қылмыс үстінде қолға түскен ол енді 200 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Осындай қылмыстарға қарсы күресу үшін полицейлер арнайы чат құрып, пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындарды, студенттерді тартуда. Жыл басынан бері облыс аумағында 4 центнерден астам есірткі тәркіленген екен.