Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын хаттар жалғаған. Арада қаншама уақыт өтсе де, сарғайған қағаздарды қолға алып оқыған адамның жүрегі езіледі. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойының қарсаңында батылдық танытып, елін жаудан қорғау үшін жан аямай күрескен майдангер – Жамбыл ауданындағы Жалтырша ауылында дүниеге келген Сұлтан Жақыповтың жақындарына өлеңмен жазылған хатын ұсынып отырмыз. Ол 1942 жылдың қаңтар айында әскерге шақырылып, Ленинградты қорғауға қатысқан.
Бipiншi біз тілейміз шыбын жанды,
Тірлікпен елден жазғай тұз бен дәмді.
Атадан басқа кемшін адам едім,
Көруге нәсіп болғай балапанды.
Екінші үлкен тілек, шыбын жаным,
Және де балапандар, жан жолдасым,
Көргенше бiз айналып қош-есен бол
Арттағы тілеуқорлар, туғандарым.
Көп сәлем аға-жеңге, үлкен-кіші,
Жас бала, жас келіндер ендігісі.
«Көл болар көп тілегі» – дегендейін,
Қолынан не келеді жалғыз кici.
Көңілім жүрер eдi күнде жайнап,
Соңымнан балапандар жүрсе сайрап.
Қабдолла, Уаған мен Әбіш, Қали
Хат сап тұр үйде болсаң көңіл аулап.
Салыңдар көз қырларын Әбікенге,
Әсима – ол да жансар сырқау жеңге.
Әміржан Қамзаменен жас балдырған,
Хаттар жоқ, ел қорғауда eкeyi де.
Tipi қалсақ бip күндей болмас еді,
Сайрандап бiз келерміз туған елге.
Неміске жерімізді бере алмаймыз,
Гитлердің қорлығына көне алмаймыз
Cөзiнe фашистердің ере алмаймыз,
Бөтенге бip метр жер бере алмаймыз.
“Мезгілсіз жан шықпайды” – деген екен,
Бас тартып еш уақытта қорынбаймыз.
Тапсырған үкімет пен партияның
Міндетін уақытында орындаймыз.
Сұлтан ЖАҚЫПОВ.