«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК АДАМЫНА — ЕРЕКШЕ НАЗАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында ел экономикасын дамыту, әлеуметтік саланы жақсарту, руханиятымызды жаңғырту, қоғам қауіпсіздігі және тағы басқа мәселелер жөнінде егжей-тегжейлі айтылған. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды құжат халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түскені сөзсіз.

Пандемия салдарынан орын алған экономикалық дағдарыс тың қадамдар жасауды талап етуде. Мемлекет басшысы жылдың басты құжатында: “Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені, нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қол­дауды күшейту керек”, – деп атап айтқан болатын. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтыл­ған­дардың саны 4 миллион адамға дейін көбейеді деп күтілуде. Бұл осы саланы дамы­туға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ.
Ал бұл көрсеткішке қол жеткізу жолында жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі, еңбек нарығын жаңғырту, жұмысшыларды қайта оқыту, азаматтардың табысын арттыру мәселелері де назардан тыс қалмауы керек. Бұған дейінгі Жолдауларда Үкімет пен облыс әкімдеріне еңбеккерлердің құқығын қорғау, олардың басқа салаларға ауысуы үшін жағдай жасау бойынша тапсырма берілген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің облыста дұрыс жолға қойылып, өз нәтижесін беруде. Атап айтар болсақ, облысымызда 2019-2023 жылға арналған “Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жол картасы” жүзеге асырылуда. Аталмыш құжатта қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, жұмыс барысында орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу және тағы басқа мәселелер қарастырылған.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Марат Омаровтың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp